lat: Qyrtysy jazyldy [tarady]
Ашуы тарқады, қабағы ашылды.
Біздің қатынның қыртысын жазып, үш сом алғанша ішегіміз ширатылатын әуреден құтылып едік (Ғ.Қабышев, Мінездеме).
Әлден соң барып қабағы жазылып, қыртыстары тарап, келгендердің кейбіреуін шырамытқандай болды (Б.Тілегенов, Аққайнар).
Оның әлі де қыртыстары түгелдей жазылып болмағанын іштей сезеді (Ө.Қанахин, Ауыр күн.).