Қысып сығу

lat: Qysyp syǵý

қуыс бөлшектердің ішкі диаметрін оның сыртқы диаметрі есебінен тарылту үшін қолданылады. Мұндағы қысым күші қажетті деформация бағытына сәйкес келеді. Қысып-сығу ішкі диаметрі тозған түсті металдан жасалған төлкелерді, ішкі тістерінің профилі тозған муфталарды т.б. бөлшектерді жөндеуге қолданылады. Бөлшекті қалпына келтіру арнайы айлабұйым қолданып қыздырмай (төлкелерді) не 800 950 °С дейін қыздырылып преете атқарылады. Калибрлеу цилиндрі (матрица-калибр) белдемшесінен диаметрін (Д) бөлшектің ішкі диаметрінің тозу мөлшерінен кейінгі механикалық өңдеуге қажетті әдептерді (0,2 мм) қосып тағайындайды.