Қызметші, қызметкер, даяшы, даяршы, күтуші

lat: Qyzmetshi, qyzmetker, daıashy, daıarshy sóıl., kútýshi sóıl.

Біреуге жалданып күн көруші адам. Қоншы руынан шыққан Мір хақберді бек үй ішін, қызметшілерін қалмақ шабуылынан аман сақтау үшін Ыстықкөл жағасына аттанды (I. Есенберлин). Қатша кіші балаларымен қаладағы бір байдың үйіне жалданып, қызметкер болып жүр (М. Әуезов). Даяшы жігіт ханға иіліп, сыртта Батырбек шешен келіп түр депті (С. Омаров). Бір даяршы жігіт үйге кіріп, қолымызға су құйды (С. Көбеев). Айғаным кутуші әйелді ғана отырғызып, Құсмұрыннан шығатын керуен жолына түсіп тартып берді (С. Бегалин).