Қызығушылық туғызды [тудырды]

lat: Qyzyǵýshylyq týǵyzdy [týdyrdy]

Басқалардың назарын аударды, көңіл бөліп, ден қойып, зейінділік танытуына түрткі болды.

Тұсаукесер ресейлік ғалымдардың үлкен қызығушылығын туғызды («Егемен Қазақстан»).

Конференцияға біздің үкіметіміздің жоғары лауазымды мүшелерінің және Қазақстан мұнай-газ саласы басшыларының қатысуы Батыстың іскер топтары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды («Егемен Қазақстан»).