РӘСІМДЕУ

lat: RÁSİMDEÝ

Рәсімде етістігінің қимыл атауы; белгілі бір әрекеттің заң күшіне ендірілуі.

Нәтижесінде ипотекалық кредитті рәсімдеу кезінде отбасылық кірістің ең төменгі кәлемі 1 бөлмелі типтік пәтердің орташа алаңы үшін 53 мың теңгеден 41 мың теңгеге, 2 бөлмелі пәтер үшін 79,7 мың теңгеден 62 мың теңгеге, 3 бөлмелі пәтер үшін 106 мың теңгеден 82,6 мың теңгеге арзандатылды («Егемен Қазақстан»).

Қазақстан мен Қытай шекаралық сызықтың делимитациясын және демаркациясын жүргізу арқылы оның режимі туралы келісімге келіп, шекараны заңдық рәсімдеу процесін аяқтады ( « Жұлдыз »).

Кеңесті қорытындылай келе, Даниал Ахметов жоғарыда қабылданған шаралар бұрын көтерілген бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін және ипотекалық кредитті рәсімдеуді едәуір қысқартатынын, сөйтіп толықтай алғанда, Мемлекеттік бағдарламаны жемісті жүзеге асыруға және халықты тұрғын үймен кең кәлемде қамтамасыз етуге жол ашатынын атап өтті («Егемен Қазақстан»).