РӨЛ

lat: RÓL

зат. 1. Актердің театрда ойнайтын әдеби бейнесі.

Не жетсін осы сұмдықтың

Барлығын ұғып білгенге:

Шындық па? Әлде Шындықтың

Рөлінде ойнап жүрген бе? (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

2. ауыс. Маңыз, мән, қызмет.

Химия денсаулық сактау жұмысын жақсартуда көрнекті рөл атқарды (С.Сұбханбердин, Дертке дауа.).