РУБЕРОИД (қарақағаз)

lat: RÝBEROID (qaraqaǵaz)

жұмсақ орамды жабындық материал. Жабындық картонға мұнай битумын сіңдіріп, соңынан екі бетіне де толтырғышты нашар балқитын битум қабатын жағып, сеппелер себу арқылы жасалады. Жабындық және астарлық болып бөлінеді.