lat: RÝDA
зат. Металдар бөлініп алынатын табиғи шикізат, кен.
Руда – халық шаруашылығына керекті металдарды, бұлардың қосылыстарын, түрлі минералдарды тиімді түрде бөліп алуға мүмкіндік беретін табиғи минералдық агрегат (ҚСЭ).
Руда дегеніміз – кәдімгі кесек-кесек тас. Былайша айтқанда шикізат (Ә.Бимағамбетов, Қазақст. геогр.).
Концессионерлер сүттің қаймағын сыпырғандай, аса бай рудалардың беткі қабатын ғана алып, сонан соң кен орындарын тастап кете берген (Қаныш аға).