РУДАЛЫҚ

lat: RÝDALYQ

сын.кен. Рудаға қатысты, соған тән.

Түсті металлургия мен оның рудалық базасын қалпына келтіру ісі жүргізіле бастады (Қаз- ССР тарихы).

Зәуірбек әлгілердің бірін де қалдырмай рудалық тастарға арналған жәшікке салып қойды («Білім және еңбек»).

Пайдалы қазындылар кендерінің гидрогеологиясы, рудалық гидрогеологиялық, шахталық гидрогеологиясы, мұнай-газ гидрогеологиясы пайдалы қазбалар кендерінің гидрогеологиялық жағдайларын, кендер аумағындағы жерасты суларының қозғалу заңдылықтарын зерттейді (К.Сапарбайұлы, Геология.).