РУДАЛЫҚ

lat: RÝDALYQ

сын. Рудаға қатысты, соған тән.

Түсті металлургия мен оның рудалық базасын қалпына келтіру ісі жүргізіле бастады (ҚазССР тарихы).

Зәуірбек әлгілердің бірін де қалдырмай рудалық тастарға арналған жәшікке салып қойды («Білім және еңбек»).

Пайдалы қазындылар кендерінің гидрогеологиясы, рудалық гидрогеологиялық, шахталық гидрогеологиясы, мұнай-газ гидрогеологиясы пайдалы қазбалар кендерінің гидрогеологиялық жағдайларын, кендер аумағындағы жер асты суларының қозғалу заңдылықтарын зерттейді (К.Сапарбайұлы, Геология және гидрогеология негіз.).