РУЛЕТКА

lat: RÝLETKA

зат.тех. Металдан не берік қалың матадан жасалып, дөңгелек сауыттың ішіне салынған, бетіне метрлік және сантиметрлік бөліктер сызылған ұзындық өлшеуіші.

Бәріңе де рулетка, лупа, тағы басқа жабдықтар керек дегенді айтты (А.Машанов, Жер асты.).

Жер бетіндегі түзу сызық кесінділерін рулеткамен, өлшеуіш-шынжырмен, дала циркулымен өлшейді («Халық мұғ.»).