lat: RÝLYQ
сын. Руга қатысты, руга тән, ру шеңберіндегі.
Сонымен бірге, ұрпақаралық этникалық тәжірибенің де қордаланып, уақыт талабына сай сұрыпталып таралуы, түптеп келгенде, осы рулық қауымның деңгейінде жүзеге асып отырды (Н.Әлімбай, Гуманитарлық ғылым.).
Бұл іспеттес кұбылыстарға ұлттық сана мұнарасынан қарап күрес жүргізбесек, тоғышарлық, рулық сана шеңберінен шыға алмаймыз («Қаз. әдеб.»).
Адат - ақсүйектер мен байлардың артықшылық жағдайын заң есебінде дәріптейтін рулық және феодалдық құрылыстың сарқыншағы (Саяси сөздік).
Сол сияқты Бұқар сияқты кемеңгер жырау толғауы мен Төле сияқты ұлы би кесімінде жалпыұлттық мүдде рулық, жүздік мүдделерден жоғары қойылды («Жұлдыз»).