lat: RÝNA
[ескі скан. run] зат.лингв. 1. Германдықтарда ІІ-ІІІ ғасырдан кейінгі орта ғасырларға дейін қолданылған тасқа, ағашқа, металға ойып жазығлған көне жазу.
Сол сияқты көп уақытқа дейін герман, тіпті славян тайпалары әртүрлі таяқша алмасып, сондағы белгілерге қарап, бір-біріне не демек екендерін білген. Бұл руна (киелі) жазу аталған. Қазіргі қазақтар оны сына жазу дейді (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).
2. V-VIII гг. Енесай, Орхон өзендері, Талас өңірінен табылған түркілердің тасқа қашалған, тік сызықты көне жазуының жалпы терминдік атауы; көне түркі жазуы.
Көне түркі руналары мен араб алфавитінің арасындағы таңбалар тәрізді (М.Мағауин, Көк мұнар).