РУСТ, РУСТОВКА, РУСТИКА

lat: RÝST, RÝSTOVKA, RÝSTIKA

(қашаутас) (латын тілінен - rusticus - қарапайым, дөрекі) дөрекі қашалған не бет жағы дөңесті тастармен бедерлі қалау немесе қабырғаны қаптау. Қабырғаның біртегістігін жарық пен көлеңке түсіру арқылы түрлендіріп, ғимаратқа көлемділік, маңыздылық беріп тұрады. Қасбетті сылақпен әрлегенде қабырғаны тікбұрыштар мен жолақшаларға бөлу арқылы қашаутастарға ұқсатуға болады.