Рим клубы

lat: Rım klýby

жер жүзіндегі көптеген елдердің ғылымдарын саяси және қоғам қайраткерлерін біріктіретін халықтар, үкіметтік жүйеге жатпайтын ұйым. Рим клубы оның алғашқы президенті болған итальян экономисі, қоғам қайраткері және бизнесмені А. Пиччейдің (1908-1984) бастамасымен ашылды. 1984 жылдан Рим клубының президенті - француз ғалымы А.Кинг. Рим клубы заңды түрде Швейцарияда тіркелген. Оның мүшелері қандай да болмасын ұйымның не елдің мүддесін арнайы ұсынбайды. Оның атқару комитеті ұйымдық және үйлестіру қызметін жүргізбейді. Рим клубы жыл сайын жиналыстар, симпозиумдар, семинарлар өикізеді, саяси басшылармен және іскер дүниенің өкілдерімен әрдайым кездесулер ұйымдастырады. Рим клубы қызметі қазіргі ғаламдық және адамзаттың даму барысында кездесетін қиыншылықтарды түсінісуді, соған лайықты қоғамдық пікірге ықпал етуді өзінің мақстаы деп санайды. Рим клубының ынта білдіруімен бірқатар зерттеу жобалары жасалынды, олардың нәтижелері мәлімдеме ретінде жарық көрді. Солардың қатарында: "Өсудің шектері", 1972, жетекшіс Д.Медоуз;дамзат үшін мақсаттар", 1977, жетекшісі Э.Ласло; "Үйренудің шегі жоқ", 1979, жетекшісі Дж.Боткин, М.Эльманджра, М.Малица; "Үшінші әлем: дүниенің төрттен үші", 1980, жетекшісі М.Гернье, олашаққа апаратын маршруттар", 1980, жетекшісі Б.Гаврилишин және т.б. Жалпы алғанда Рим клубының теориялық қызметі біртекті емес: ол нақты ғылыми зерттеулер мен дүниедегі адам болмысы, гуманистік құндылықтар, адамзат дамуының болашағы туралы жалпы философиялық пайымдаулардың кең аумағын қамтиды. Әлемнің алғашқы компьютерлік үлгісін жасау, капиталистік өркениеттің жағымсыз тенденцияларын сынау, адамдар арасында адамгершіліктің мәртебесін көтеретін жолдар мен құралдарды іздестіру, қару-жарақты айыртау , термоядерлық соғысты болдырмау, қоршаған ортаны сақтау, адамдардың әл-ауқатын жақсартып, олардың "тіршілік сапасын" көтермелеу - мұның бәрі Рим клубы қызметінің жағымды жақтарына жатады.