РАДИУС

lat: RADIÝS

ат. radius] з а т. г е о м. Шеңбердің кез келген щктесін оның центрімен қосатын түзу кесінді.

Шеңбердің нүктесін оның центрімен қосатын түзу кесінді радиус деп аталады ( Геометрия).

Таралу бағыты антеннадан радиус бағытымен жан-жаққа бірдей таралады. «Радио» деген сөздің өзі осыдан шыққан ( О. Сәрсенбаев, Радио.).

Алаңның ортасында радиусы 3 метр шеңберлі сызық айқын белгіленгені жөн («Лен. жас»).

Мұндай салу есептері жер бетінде практикалық өлшеулерде радиусы әртүрлі шеңберлер сызу болған сияқты (А.Көбесов, Математика.).

Сөйтіп, хорданың ұзындығын дөңгелектің радиусы арқылы өрнектейді ( А.Көбесов, Математика.).