РАДИУС

lat: RADIÝS

зат  . геом. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын түзу кесінді.

Шеңбердің нүктесін оның центрімен қосатын түзу кесінді радиус деп аталады (Геометрия).

Таралу бағыты антеннадан радиус бағытымен жан-жаққа бірдей таралады. «Радио» деген сөздің өзі осыдан шыққан.Сәрсенбаев, Радио.).

Алаңның ортасында радиус 3 метр шеңберлі сызық айқын белгіленгені жөн («Лен. жас»).

Мұндай салу есептері жер бетінде практикалық өлшеулерде радиус әртүрлі шеңберлер сызу болған сияқты.Көбесов, Математика тарихы).

Сөйтіп, хорданың ұзындығын дөңгелектің радиус арқылы өрнектейді.Көбесов, Математика тарихы).