lat: RADIO
зат. Арнаулы ыстансалардан электромагнит толқындары арқылы алыс қашықтыққа хабар беретін сымсыз аппарат.
Отырысты, әрнеден сыр ақтарды,
Бір-біріне жаудыртып сұрақтарды.
Асан күліп, орнынан тұрды дағы,
Радио құлағын бұрап қалды (1,147).
Одан кейін республика басылымдарында өлеңдерім жиі-жиі жарияланып, теледидар мен радиодан беріле бастады (5,224).