lat: RADIO
зат. Арнаулы стансалардан элекгромагнит толқындары арқылы алыс қашықтыққа хабар беретін және қабылдайтын сымсыз аппарат.
Радионы 1895 жылы 7 майда орыс ғалымы А.С. Попов ойлап тапқан (ҚСЭ).
Құлағым радиода, Көңлім көкте, Ойым шырқау биікте (С.Сейітов, Жылдар.).
Шіркін, бүгінгі радио мен теледидардың бағасын біле бермейміз-ау (Парасат).
Күндіз-түні салпақтасаң да жұмысы бір таусылмайтын қым-қуыт саланың бірі – теледидар мен радио (“Парасат”).