РАДИОАКТИВТІК

lat: RADIOAKTIVTİK

з а т. Радиоактивтілік.

Осы кездерде химиялық элементтердің радиоактивтігі, периодтық заңы, радио хабары т.б. көптеген жаңалықтар ашылды ( « Қазақст. мұғ.»).

Радиоактивтік элементтердің ыдырауынан бөлінген жылудың нәтижесінде 1500-2000 С-қа жеткен ыстықтан Жер пластикалық күйге келген (К.Сапарбайұлы, Геология.).

Геологияда абсолюттік жасты анықтауға ХХ ғасырдың басында тау жыныстарында сақталған кейбір элементтердің радиоактивті кыдырауын зерттеуден кейін ғана қол жетті ( К. Сапарбайұлы, Геология.).