РАДИОХАБАР

lat: RADIOHABAR

з а т. Радио арқылы берілетін ақпараттық қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабар.

Алыстағы аспан объектілерінен радиохабар алып отырамыз ( Х. Әбішұлы, Халық астрон.).

Радиохабарының негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар (радиоақпарат, радиорепортаж, радиокомментарий, радиосұхбат, радиоесеп); көркемпублицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиофильм, радиокомпозиция); көркем жанрлар ( радиоинсценировка, радиопьеса, радиоқойылым) (ҚҰЭ).

Ереванда радиохабары 1926 жылдан, телеорталық 1956 жылдан жұмыс істейді (ҚСЭ). Елімізді мекендейтін 66 ұлттың тілінде радиохабар беріліп тұрады («Қаз. әдеб.»).