lat: RADIOQABYLDAǴYSH
зат. Радиосигналдарды қабылдауға және ондағы хабарларды таратуға (естіртуге) мүмкіндік беретін аппарат.
Әнсіз жоқ нөсерде нұр, дауылда күш,
Ән сая – адам жаны дамылдағыш.
Сол әнді сорғалатып құйып жатыр,
Қираған радиоқабылдағыш (1,143).
Радиолқабылдағыштың үнін шығарыңқырап бұрап қойды да, терезе алдында біраз отырды (4,155).