lat: RAFINASIaÁ
зат.[фр.rafiner] Тамақ өнімдерін (спирт, өсімдік майлары және т.б.) қоспалардан тазалау.
Рафинация әдістері – гидратация, қышқылмен өңдеу, сілтілермен бейтараптандыру, дезодорация және т.б. Рафинация қазандарында бұрқ-сарқ қайнап жатқан қорғасынның әр түрлі қосымша металдардан тұратын «көбігін» қалқып жатыр еді (Өнегелі өмір). Қорғасынның ақтық қорытылатын жері рафинация цехы («Қаз. әдеб.»).