РАКАҒАТ, РЕКЕТ

lat: RAKAǴAT, REKET

(ар. ракағат ركعات)   

1. Намаздың бөлігі.

Бұны естіп Ескендір шаһ тұра келді, Екі ракағат намаз зар жылады («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Ол шашманың суынан алды таһарат, Қажет намаз оқыды екі ракағат («Қисса Таһир Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Сол жерде екі ракағат намаз оқып, Бәрінің тақсыр Расул болды имамы («Миғраж» дастаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Екі рекет намазбен, Қыбылаға жүзін жіберді («Еңсегей бойлы Ер Есім». Бабалар сөзі. 56-том. 2009. 100 томдық).

2. Намаз оқығандағы тізе бүгіп, тәжім ету, бас ию.