lat: RAS
зат. Шындық, ақиқат; өтірік емес.
Оның рас, несіне қынжыламын,
Нұрсыз көздің көрсеңші тұнжырауын.
Жанарымның жартысы ағып кеткен,
Себебі бір-ақ рет шын жыладым (2,124).
Таптым ба оны, білмеймін, таппадым ба,
Халім келмей қажыған шақтарымда!
Жан жарым жанға шипа болғаны рас,
Әлсіреп, сөніп бара жатқанымда (3,266).
// Модаль сөз ретінде де қолданылады.
Аумалы мінезім бар аса қызық
(Мінезге қолдан қорған орнатпаймын).
Рас, кейде көзімнен жас ағызып,
Көбінесе еркелеп шолжақтаймын(1,138).
Рас, азаматтықты жырлау – әлдеқайда күрделі де қиын (4,273).