lat: RAS
[ар. Cmlj] з а т. Өтірік емес; ақиқат, шындық; дұрыс, тура, оң.
Алғаш жоқ боп кеткен 29-шы жылында бір қыстың ішінде әрі Сибирь, әрі Ташкент маңын бір-бір сүзіп шыққаны рас болатын (М.Әуезов, Шығ.).
Рас шығар... Бақытсызбын демеймін. Дау айта алмай тамағымды кенеймін. Алайда жұрт аңғарса ғой, Білсе ғой Ар жағында не жатқанын көмейдің (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Растың бір аты хақ (Абай, Тол. жин.).
// Шыным, шын айтамын деген мағынадағы модаль сөз. Бағасы бір халқыма жабағы мен мамықтың. Нанбайды, рас, антыма Кәдірі мол танықтың (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Рас, шын айтам, Апам бұл дүниеде жалғыз рет дәрігерге, болмаса бақсы-балгерге қаралмай, сау-саламат өте шықты (О.Бөкеев,Ұйқым келмейді).