lat: RASA
зат. Нәсіл; түр-түсі, пішін-тұлғасы, бас сүйегінің формасы сияқты кейбір сыртқы белгілерімен бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі бір географиялық ареалда таралған адамзаттың тарихи қалыптасқан тобы.
– Сендер секілді оңбағандардың бәрін атып тастау керек еді, –деді полковниктің өзі сөйлеп. – Ал мен болсам шахтама ұстап ажалдан алып қалдым. Бірақ сендер шын мағынасындағы төменгі раса адамдары екендіктеріңді көрсеттіңдер (І.Есенберлин, Шығ.).
Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен расаға жүйеленеді (ҚҰЭ).