РАСЫНДА

lat: RASYNDA

мод. Шындығында, ақиқатында.

Жойқын дейді?! Жойқын деген жалған ғой.

Жорамалмен жойқын болып қалған ғой.

Ағатай-ау, Әму деген, расында,

Жойқын емес, жүйткіп жатқан арман ғой (1,224).

Ғұмыры бірге, тағдыры бірге, бірге арман,

Қайда кеттіңдер, қызғалдақтар-ау бүр жарған?!

Жалғыз аттанып бара жатырмын қырманнан,

Расында да, жалған екен-ау бұл жалған (2,371).