lat: RASYNDA
үст. Шынында, ақиқатында, асылында.
Жасы отызға жаңа іліне берген сұлу қызыл жүзді, қой көзді, әдемі қоңыр сақалы бар Мұхаметжан расында да қалаға бара жатыр еді (М.Әуезов, Шығ.).
Қазақ мұндайларды оймақ ауыз, күлім көз дейді. Расында да, сол оймақ ауыз, күлім көз ақ құбаның көріктісі (І.Есенберлин, Шығ.).
Расында да, мұсылман шариғатын тұтынатын қазақ арасында төрт әйелден артық әйел алуға ешбір рұқсат жоқ екенін мен ол кезде білмеппін (Біздің Мұхтар).