lat: REAKTIV
з а т. х и м. Басқа бір затқа қосқанда химиялық реакция туғызып, бастапқы затты сол құрамынан табуға мүмкіндік беретін зат.
Реактивтердің түрлері мен қолдану ережелері ыдыс сыртындағы жапсырма қағаздарда, каталогтарда көрсетіледі (ҚҰЭ).
Қыздар институтында тәжірибе жұмыстарын жүргізетін құралдар, реактивтер, шыны ыдыстар, оларды былай қойғанда, химиялық жұмыс столдарының жоқтығын, бір лекцияның үстінде орыс тілінде де, қазақ тілінде де сөйлеуге, лекция алдында қыз балаға қандай әдет жарасымды, қалай киініп, қалай тұрып-жүруді, этика, эстетика мәселелерін сөз етуге мәжбүр болатындығымды айттым ( Қаныш аға).
Бұрынғы шағын химия кабинетін әртүрлі химиялық реактивтерімен приборлары бар лабораторияға айналдырды («Қазақст. мұғ.»).