(халықаралық қатынастарда) халықаралық қатынастардың басым теориясы. Дәстүрлі реалистік саяси ой Фукидид, Макиавелли, Гоббс және Руссо сияқты ойшылдарға тиесілі. Бұл классикалық реалист-ойшылдар көшбасшылардың өз азаматтарының қамын ойлап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керектігін меңзеді. Реализм мемлекетті халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде қарастырады. Мемлекет үнемі күшін ұлғайтуы тиіс, өйткені, халықаралық орта анархиялық және аса қауіпті. Сондықтан да мемлекеттің көшбасшыларының басты артықшылығы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ету. Мемлекеттің ішкі істерін заңға сүйеніп реттейтініндей әлемдік тәртіп орнататын ғаламдық үкіметтің болмауынан мемлекет өз қызметін сақтауында тек өз күшіне сенуі керек (өзіне-өзі көмек тұжырымдамасы). Реалистік теорияда бейбітшілік халықаралық қатынастарға қалыпты жағдай емес. Ол тек соғыстың жоқтығы. Сондықтан да, бейбітшіліктің реалистік тұжырымдамасы оптимистіктен қарағанда, либералдыққа жақын. Әлемдік үкімет құру жөніндегі «қияли жобаның» сәтсіздікке ұшырағанынан кейін реалистердің бүкіләлемдегі бейбітшілікке және мемлекеттердің әріптестігіне пессимистік көзқарастары шындыққа жақындады. II дүниежүзілік соғыстан кейін либералдық идеялар ұлттар Лигасының құрылуына маңызды ықпал етті. ұлттар лигасы бірде-бір ірі әлемдік мәселені шеше алмады және оның мүше-мемлекеттері өз мүдделерінің аясында ғана әрекет етті. Халықаралық қатынастардағы мемлекеттің және оның ұлттық мүдделерінің маңызды рөлін көрсете отырып реализм әлемге этноорталықтық көзқарасты уағыздады. Реализм ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) және мемлекеттік емес халықаралық ұйымдардың (Бүкіләлемдік сауда ұйымы, Бүкіләлемдік банк, Халықаралық валюта қоры және т.б.) ықпалын жете бағаламайды. Реализм әлемдік саясатты дұрыс талқылағанымен, келешек өзгерістерді болжауға қабілеті жоқ (Мысалы, реалистер «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталатынын дөп басып айта алмады).