РЕФЛЕКС

lat: REFLEKS

[лат. reflexus] зат.физиол. бағаның сыртқы әсерге (тітіркендіргіштерге) орталық жүйке жүйесі арқылы қайтаратын реакциясы.

Режимге машықтану дегеніміз, бұл И.П.Павловша айтқанда, шартты рефлекстердің белгілі бір жүйесінің көрінісі («Спорт»).

Байланыстырушы клеткалар рефлекстің орындалуына қатысатын екінші типті нейрондарға жатады (Қ.Нұғматжанов, Гистология).

Әлгі ниет қыздың организмі толық тыныштыққа енген кезде таңғажайып қатерлі рефлекс арқылы оянып, оң қолға сигнал береді (Т.Әбдіков, Ақиқат).