РЕФЛЕКС

lat: REFLEKS

сыртқы орта мен іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы. Рефлекс лат. «бейнелеу» деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жайкүйін тануға бағытталуы. Рефлекс ішкі психикалық актілер мен күйлерді субъекттің өзіндік тану үрдісі. Рефлексология орыс ғалымы Б.М.Бехтерев (1857-1927) негіздеген механикалық бағыт. Рефлекс адам психикасының әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да, психика мен сананы зерттеуден бас тартты. Рефлекторлық теория адамның мінез-құлқы мен психикасы оның белсенді қызметімен іс-әрекеті нәтижесінде реттеліп отыратын материалистік көзқарас. «Рефлекс» сөзінің мәні бейнелеу. Рефлекстік теорияның негізін салған орыс ғалымы И.М.Сеченов өзінің «Бас миының рефлексі» деген еңбегінде психикалық құбылыстардың шығуы мен дамуын материалистік тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары жүйке (мидың) қызметі екендігін ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді.