РЕФЛЕКС

lat: REFLEKS

Сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы. Рефлексия лат. “бейнелеу” деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалык жай-күйін тануға бағытталуы.Рефлекс ішкі психикалык актілер мен күйлерді субъектінің өзіндік тану үрдісі. Рефлексология орыс ғалымы В. М. Бехтерев (1857-1927) негіздеген механикалық бағыт. Рефлекс адам психикасының әрекетін сырткы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да, психика мен сананы зерттеуден бас тартты. Рефлекторлық теория адамның мінез-құлқы мен психикасы оның белсенді қызметімен іс-әрекеті нәтижесінде реттеліп отыратын материалистік көзқарас.Рефлекссөзінің мәні бейнелеу.Рефлекстік теорияның негізін салған орыс ғалымы И.М. Сеченов өзінің “Бас миының рефлексі” деген еңбегінде психикалык құбылыстардың шығуы мен дамуын материалистік тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары жүйке (мидың) қызметі екендігін ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді.