РЕФЛЕКТОР

lat: REFLEKTOR

[лат. reflectere] зат.физ. Жарық сәулелерін жинайтын ойыс айналы қондырғы.

Рефлектордың негізгі бөлегі ойыс айна болады, ол сәулені шағылыстыру арқылы жинап, нәрсенің кескінін түсіріп береді (Х.Әбішұлы, Халық астроном.).

Рефлектор- кішкене ойыс айна. Ол проекциялық лампаның артқа шашырап кеткен жарық сәулелерін бір фокуска жинап, экран жаққа қарай бағыттап жіберіп тұрады (М.Құдайқұлов, Оқу киносы).

Үй жағдайында рефлекторды (дәрігердің нұсқауы бойынша) жүйке ауруын, жүйке тамырларының ісінуін, бұлшық еттің қабынуын, мұрынның қосалқы қуыстары ауруларын сәулемен емдеу кезінде қолданады (Шаңырак энцикл.).