өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымның негіздерін сақтай отырып, қоғамдық өмірдің кейбір қырларын өзгертіп, қайта құру. Осылайша реформа эволюция сияқты сапалық өзгерістерге, яғни төңкеріске қарсы қойылатын сандық өзгерістермен ұқсастырылады. Реформаларды зерттеу әдістемесі біршама өзгерістерге ұшырады. Эволюция (реформа эволюцияның бір бөлігі, бір сәті, акт) бірінің артынан бірі үздіксіз жүргізілетін сапалық өзгерістер. Бұл бірте-бірте сапалық, түпкілікті өзгерістерге дайындайды. Төңкеріс екі эволюциялық кезеңді жалғастырушы жүйенің ішкі құрылымындағы өзгерістер. Қоғамдық-тарихи дамуды талдау түрленудің төңкерістік жолын ақтамайды, қоғамдық өзгеріс түрі ретінде эволюциялық түрлерге жол береді, өйткені жоюшы күштердің орнына жасаушы күштер келеді. Реформа егер төңкерісті ең алдымен, өндіруші күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықты жою ретінде түсінсе, онда төңкерістік процестің ерекше түрі болып табылады. Реформалардың жойқын қиратушы күші төңкерістік күштердің үстем таптың жүргізуші реформасы түріндегі көрінісі соңғылардың көзқарасын «ұштайды». Ол өз кезегінде үстемдік құрушы тапты артықшылығын өзгертпей, сақтап қалуы үшін күш қолдануға итермелеуі мүмкін. Нәтижесінде әлеуметтік денеде сапалық өзгерістерді жүзеге асыру тежеліп, тіпті үзіледі. Реформалардың жасалушы сипаты (К. Поппердің айтуынша, «әлеуметтік инженерия») сапалық өзгерістерге дайындық жүргізіп, қоғамның жаңа сапалық өзгерісіне бейбіт, ауырсынбай өтуіне жағдай жасауынан көрініс табады. Реформаларға қоғамдағы өзгерістердің біртіндеушілігі, кезеңділігі, түрленулердің аралық бөлімдерінің болуы тән. Реформалардың жүргізілуі барысында саяси күрес бейбіт, «сау» бәсекелестік және компромисс іздеумен сипатталады. Төңкеріс пен реформа адамзат дамуының нақтылы-тарихи кезеңінің қажетті құрамдас бөліктері. Қоғамның прогрессивті қалыптасуында реформалардың мәнін жете бағаламай, біз даму үрдісі түрлерінің рөлін кемітеміз. Бүгінгі таңда реформаның шеңберінен шығу емес, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарды түбегейлі өзгертуді талап етіп, бұл шеңберді кеңейтуді төңкерістік деп атайды. Мәні «қозғалыс» пен «нәтижелі мақсатты» бір-біріне қарсы қою емес, «қозғалыстың» нәтижесінде «нәтижелі мақсатқа» жетуді көздеу. «Төңкерістік реформизм: төңкеріс әлде реформа» деген күмәнды баламаны мойындамайды. Қазіргі ғаламдық мәселелер әртүрлі мемлекеттердің халықаралық әріптестігі жолымен шешімін табуы керек. Әлемнің қазіргі талаптарына сай болуы үшін халықаралық қатынастар да реформалануы керек.