lat: REGENERASIaÁ
[лат. regeneatio] з а т. 1. т е х н. Пайдаланылган өндіріс бұйымдарын белгілі операциялар арқылы өндіріс үдерісінің бастапқы бұйымдарына айналдыру ісі.
Петр Тимофеевич бала кезінде суспензия регенерациясымен айналысамын, Қарағанды көмірін байытамын деп мүлдем ойлаған емес еді («Білім және еңбек»).
2. б и о л. Дене мүшелерінің жойылған бөлшектері жасушаларының қалпына келу құбылысы. Бұл құбылысты регенерация деп атайды. Регенерация латынның қалпына келу, жаңару деген мағынадағы сөзінен алынған (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).
Регенерация дәлірек айтқанда, жөндіктердің жұлынған мүшесінің қайтадан қалпына келуі (Ж.Әбиев, Биология.).