lat: REGION
[ағыл. region] з а т. Аймақ, белгілі бір елге, облысқа я бірнеше мемлекетке тиісті жер.
Регион аймақ елдің бірнеше облысына немесе экономикалық географиялық және басқа ерекшеліктері бойынша біріккен бірнеше елге сай келетін үлкен аудан. Мысалы, Батыс Европа, Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан (Физ. геогр. термин. мен ұғымд. ор.-қаз. анықт. сөздігі). Енді осы материалдарды талдап қорыту, кейбір региондардың металлогениялық картасын жасау, бұдан өрі оны негізгі пайдалы кендердің болжамдық картасына ұластыру міндеті алға қойылды (Қаныш аға).
Қазақстан сияқты жер қазынасына өте бай регионда минералды ресурстар туралы деректер тез ескеріп отырады (М.Бакенов, Қазақст. ресурс.).