РЕКОНСТРУКЦИЯ

lat: REKONSTRÝKSIaÁ

қала ғимараттары мен құрылыстарының, көшелері мен алаңдарының, жоспарлық құрылымдарының қайта тұрғызылуы, жаңғыртылуы, жаңартылуы. Реконструкция бәрінен бұрын ғимараттардың, қала ортасының тарихи тұрғыдан қалыптасып келген бет-бейнесі мен сипатын сақтауды көздейді. Реконструкциялаудың қажеттілігінің мақсаты мен сипатына қарай реконструкциялау реновациялау (қайтадан жаңалау), реабилитациялау (оңалту), ревалоризациялау және т.б. сияқты түрлеріне бөлінеді.