lat: RELS
[ағыл. rails] з а т. к ө л і к. Үстінен пойыз, трамвай т.б. жүретін белгілі бір пішіні бар болат білеуден жасалған бұйым.
Теміржолдың рельстері теміржолдың үстіңгі құрылысының негізгі элементі. Олар тиянақ үстіне орнатылады өрі оған бекітіледі. Бір-бірімен біріктірілген рельстер өзара параллель қойылып, рельс жолын құрайды (ҚСЭ).
Алдымызда теміржолдың рельсін партизандар бұзып кеткен дейді (Ә.Шөріпов, Қапаста.).
Сәуле соның қақ жолындағы рельстің үстінде тұр (Ә.Әбішев, Жас түлек.).