РЕПАТРИАНТ

lat: REPATRIANT

(латынша repatriate қайтамын , ) əр түрлі жағдайларға байланысты басқа ел аумағында қалып қойған тұлғалардың тұрақты мекені немесе шығу тегі, азаматтығы тиесілі өз еліне қайтуы. Репатриант қайтуы халықаралық шарттардың (мысалы, Репатриант-əскери тұтқындар) негізінде жүзеге асады, алайда кейде шарттан тыс та жағдайлар болуы мүмкін, мұндайда оны жүзеге асыру мүмкіндігі бұған мүдделі мемлекеттің немесе мемлекеттердің заңдары негізінде алдын ала қарастырылуы керек. Əскери тұтқындарды атамекеніне қайтару міндеттілігі 1949 жылғы Соғыста құрбан болғандарды қорғау туралы Женева конвенциясында қарастырылған. Репатриант құқықтық жағдайы халықаралық шарттармен, сондай-ақ мемлекетшілік актілермен реттеледі. Мəжбүрлі түрде басқа елде болған жылдары «этностық жадын» сақтау тəжірибесі болса да, олар Отанына қайтқанда, Отаны да қанша дегенмен бөгде мəдени орта болып табылатындықтан, кейбір қиындықтар туады, осыған байланысты олар толыққанды əлеуметтік тіршілік қарекетіне кірісуге септесетін бейімделу іс-шараларын жүргізуді керек етеді (қар. Босқын, Мигрант, Этностық көші-қон, Оралман).