РЕПЕРТУАР

lat: REPERTÝAR

[франц. repertoire] з а т. ө н е р.

Әншілердің, музыканттардың, әртістердің негізгі, тодайы орындайтын шығармалары, рөлдері. «Қазақтың 500 әні мен күйіне» Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Елубай Өмірзаков, Науша Бөкейханов, Майраағира) Шамсутдинова сынды және басқа халық музыкасы әгілі тарландарының репертуарларынан алынған әндер енгізілді (Қаныш аға).

30 жылдық тарихы бар театрдың осы соңғы бір жылы ерекше маусым болды. Оған дәлел, репертуарға енген жаңа қойылымдардың республика деңгейіндегі фестивальдерден жүлделі орындар алып жатқандығы («Қаз. әдеб.»).

Оның драмалық пьесаларынсыз біздің театрларымыздың репертуары соншама кедей, жұтаң, жүдеу тартып қалар еді (Біздің Мұхтар).