РЕПЕРТУАР

lat: REPERTÝAR

зат. Әншілердің, музыканттардың әртістердің негізгі, ұдайы орындайтын шығармалары, рөлдері.

«Қазақтың 500 әні мен күйіне» Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Елубай Өмірзақов, Науша Бөкейханов, Майра (Мағира)

Шамсутдинова сынды және басқа халық музыкасы әйгілі тарландарының репертуарларынан алынған әндер енгізілді (Қаныш аға).

30 жылдық тарихы бар театрдың осы соңғы бір жылы ерекше маусым болды. Оған дәлел, репертуарға енген жаңа қойылымдардың республика дейгейіндегі фестивальдерден жүлделі орындар алып жатқандығы («Қаз. әдеб».).

Оның драмалық пьесаларынсыз біздің театрларымыздың репертуары соншама кедей, жүдеу тартып қалар еді (Біздің Мұхтар).