РЕПОРТЕР

lat: REPORTER

[ағыл. reporter] з а т. Жергілікті оқиғаларды, хабарларды жазып тұратын, радио, теледидардан беретін хабаршы.

Бұлардың араларынан бір жаққа асығушы топ-топ журналистер мен репортерлер де көрінеді (А.Сатаев, Дала.).

Сонымен, ендігі сөзді публициске, очеркиске, фельетонист пен репортерге, фототілші мен суретшіге қысқасы, журналистердің өздеріне береміз («Лен. жас»).