lat: RESÝRS
зат. Қаражат, қор.
Өздерінің ресурстары да аз емес, бірақ та оны әлі меңгере алмай жатыр (Б.Момышұлы, Шығ.).
Мәселен, аса ірі минералдық ресурстар бөлімшесінде ең бай пайдалы қазбаларды іздестіру, өндіру мен өңдеу мселелерін шешумен айналысатын бірқатар институттар кірді (Қаныш аға).
Осы екі заң жұмыс жасап, баға ырықтандырылған жағдайда мемлекет пен кәсіпорындардың қаржы ресурстарын іс жүзінде бөлуге, осы екі серіктің қаржы жөніндегі жауапкершілігін даралауға мүмкіндік туғызар еді («Ақиқат»).