РЕСМИ

lat: RESMI

ар. с ы н. 1. Заңды, нақты.

Бізде істейтін ресми жоғары білімі жоқ бір қарт мұғалім сөз болды (Қаныш аға).

2.Арнаулы бекітілген, арнайы. Мен Зейін Шашкиннің «Темірқазық» повесін оқып шықтым.

Сіз ол кітаптың ресми редакторы болғанмен, аудармашының жұмысын істегенсіз (Біздің Мұхтар).

3. Мемлекеттік іске қатысты, билікке, қоғамдық басқаруға тән. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады (ҚР Конституциясы).

Ресми идеологияға қайшы келеді-ау дейтін көркем шығарма не ғылыми еңбек жарияланбайтын (Д.Конаев, Өтті дәурен.).