lat: RESMILİK
з а т. Қызмет бабына байланысты ресми қатынастарды сақтаушылық.
Ресмилік жолды сақтау үшін, 1791 жылы август айының аяғында сұлтандар мен старши- налардың жиналысы тағайындалады, жиналыс жаңа ханды сайлауға тиіс болды (ҚазССР тарихы).
Партизан достарым мені жай ғана Қасым деп атаушы еді. Дос көңілі ресмилікті көтермейді («Қаз. әдеб.»).
Мән бермегендей маңғаз бола қалады. Кеңседегі ресмилігі кейде үйінде де көрініс беретін (С.Алдабергенов, Жаңару).