РЕСПУБЛИКА ПАРЛАМЕНТІ МЕН ОНЫҢ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ

lat: RESPÝBLIKA PARLAMENTİ MEN ONYŃ PALATALARYNYŃ REGLAMENTİ

парламенттің Регламенті, Сенат пен Мәжілістің регламенттері Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстарын өткізудің, олардың органдарын жасақтау мен қызметін ұйымдастырудың, сондай-ақ Парламент депутаттары мен лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін жүзеге асыруының шарттары мен тәртібін белгілейді. Парламенттің Регламенті, Сенат пен Мәжілістің регламенттері тиісінше Парламенттің қаулысымен, оның Палаталарының қаулыларымен бекітіледі. Парламент депутаттарының оның конституциялық өкілеттігін жүзеге асыруды мақсат етіп, регламенттермен белгіленген шарттар мен рәсімдер сақталмай өткізілетін кез келген отырысы заңсыз болып табылады. Мұндай жиналыс қабылдаған актілер жарамсыз болып табылады ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы 2529 ҚР КЗ 14-бап)