РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ОБЪЕКТ

lat: RESPÝBLIKALYQ MAŃYZY BAR Obekt

жоспарлануы, жобалануы және салынуы қаржыландыру көздеріне қарамастан, облысаралық, жалпы республикалық, мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар және екі және одан көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мүдделерін не Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын, стратегиялық немесе өзге де маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешумен байланысты объект.