РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛАН

lat: RESPÝBLIKALYQ ULAN

ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші күштерге жататын және күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Республикалық ұлан мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атауы, мөрлері, мөртабандары, мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылған бланкілері, сондай-ақ ҚР заңдарына сәйкес шоттары болады. Республикалық ұлан әскери құрама болып табыладыҚР Республикалық уланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы 2671 ҚРЗ 1-бап)